О.Жандосов мектебі » Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
май
2017

О.Жандосов мектебі

Баяндама тақырыбы: «Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері»

Тақырыбымыздың өзектілігі:Қазіргі замандағы депрессия-күйзелістің қоғамға әсері.
Тақырыптың мақсаты:Психологиалық әдістерді пайдалана отырып,күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру. Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.
Тақырыптың міндеті:
Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдерді қолдану, пайдалану.
Психологиялық тренингтерді пайдалану арқылы адамның тәрбие үрдісін әр түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіру, жетілдіру.
Конструктивті шешімдер арқылы қорқыныш пен қиындықтардың қандай түрін болса да жеңіп, өз денесіне адамның өзі билік жүргізе алатынын, өмірге деген көзқарасын дамытуды көздейду.
Күйзеліс жағдайында психологиалық көмек көрсету түрлері
Адамныңы өзін әр түрлі психологиялық күйзелістің зиянды әсеріне қарсы тұрудың шығармашылығын жаттығулар арқылы дамыту.
Күйзеліс -депрессия жаһандық дерті.
Депрессия (латынша deprimo – жабығу, торығу, құлдырау) – бұл психикалық ауытқу. Оның негізгі үш белгісі бар: өмірге қызығушылығының төмендеуі, көңіл күйдің бұзылуы (ангедония), ой мен сананың сергелдеңі, яғни жағымсыз ойларға бой алдыру және белсенділіктің жоғалуы. Күйзеліс ұғымы адам болмысына қарай белгіленген төрт темпераменттің ішінде меланхолиямен пара-пар.
Күйзеліс дерті бұрыннан бар. Бірақ бұл ұғым баяғы заманның емес, қарыштаған қазіргі заманның сүйікті сөзіне айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі жаһандану дәуірінде күйзеліске түспеген жан кемде-кем. Өйткені, әлемдік көрсеткіштер бойынша жүрек қан-тамырлары ауруынан кейінгі орында тұрған осы ауру. Қазақтың қамығу, күйзеліс, жабығу, торығу сөздеріне сиатын күйзелістің ақыр соңында адамды өзін-өзі саналы түрде басқара алмауына әкеледі.
Қым-қуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын-соңды мұндай сөзді құлағымыз шалмаушы еді. Ал қазір екінің бірі күйзелістік жағдайғ душар болғандар. Әлем халқының 20 пайызы өмір бойы депрессиялық күйзелісте жүреді екен.
Күйзеліс - адамның психологиялық ауытқуы. Көбіне көңіл-күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адам күйзеліске ұшырайды. Психолог-мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Америкалық мамандар күйзелісті «психологиялық тұмау» деп айдар таққан. Яғни, бұл дерт бүгінде қарапайым тұмау сияқты қаптап кеткен дегенді білдіреді. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады. Ал жаһан халқының 5 пайызы депрессиялық күйзелісте жүреді екен. «Күйзеліс - адамның өмір сүруге бейімділігін сипаттайтын жаһандық дерт» деген пікір бар. Ең қызығы жер-жаһанның миллиондаған адамы аталмыш дертпен бетпе-бет кездессе де, одан шығу жолын, пайда болу себептерін дөп басып ешкім айта алмайды.
Гиппократ күйзеліске ұқсас психологиялық күйреуге «адам миының қара сөлге толуы» деп анықтама берген.
Психологтар ХХ ғасырға тән дерт деп атаса да, күйзеліс ХХІ ғасырға адамзатпен бірге аяқ басты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымынша, алдағы он жылда күйзеліс адамды өлімге жетелейтін аурулардың қатарына жатқызылады-мыс. Тіпті жүрек-қан тамырларынан баса озып алдыңғы қатарға шығады. Шамасы, адамның психологиялық күйзелісі күн санап белең алып келетін сияқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гарвард университетінің зерттеулері бойынша, әлемде 121 миллион адамның бойынан күйзеліс дерт табылған. Ең сорақысы, жыл сайын 850 мың адам күйзелістің салдарынан өзіне-өзі қол салады.
Мамандар күйзелісті үш түрге бөледі.
Біріншісі - адамның инфаркт, жүрек ауруларына жиі ұшырауы және түрлі жарақат сияқты дертке тап болуымен қалыптасатын депрессия.
Екіншісі- эндогендік депрессия. Яки адамның ішкі жан дүниесінің тереңінен пайда болатын дерт. Эндогендік депрессия адамға кері әсер етеді. Дәл осы депрессиялық күйге түскен адам айналасындағы құбылыстарға баға бере алмай, белгілі бір сезімдерді бастан кешіре алмай дал болады.
Үшінші -түрі психогендік деп аталады. Адамның психикалық ауытқуы салдарынан пайда болатын депрессияның бұл түрі тіпті қайғылы жағдайға итермелеуі мүмкін. Тағы бір қызық пайым. Ер-азаматтарға қарағанда, нәзік жандылар күйзелістік күйге жиі тап болады. Зерттеулерге жүгінсек, әйелдер күйзеліске ерлерге қарағанда 2-3 есе көп екен. Бұл - әйел бойындағы гармондық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Мәселен, аяғы ауыр немесе босанған әйелдің психологиялық күйі жиі өзгереді. Тіпті дәл осы кезеңде нәзік жандылар мына әлемнен баз кешіп, бәрінен бас тартады. Бірақ мұндай күйзеліс ұзаққа созылмайды. Қарапайым халықтың тілімен айтқанда, мұндай депрессия «ұмытшақ ауру» сияқты. Бір мезетте пайда болып, бір мезетте жоғалады. Ал қара күштің иесі күйзеліске сирек тап бол­ғанымен, дертті оңай еңсере алмайды. Өйткені ер-азамат үшін психологиялық күйзеліске тап болу - намысын аяқасты етумен пара-пар.
Мамандардың айтуынша, ер-азаматтар дертін мойындаудың орнына маскүнемдікке салынады. Яки арақ ішіп өзара арпалысты тыйып, бірер уақытқа дерттен айықтырады деп алданады ер-азаматтар. Күйзеліске тап болған ер-азамат өмірмен қоштасуға да дайын тұрады. Әсіресе, жас жігіттер мен қарттардың арасында күзелісті еңсере алмай, өзіне-өзі қол салушылар басым.
Дарындылар және депрессия.
Қарапайым адамдардан гөрі, ұлы адамдар күйзелістік күйге жиі ұшырайды. Тіпті психологиялық күйзелісті қолдан жасап, шабыт шақыратын дарындылар да бар екен. Ал кей дарындылар күйзелістен шығудың өзіндік әдісін ойлап тапқан.
Уинстон Черчилль депрессияға жиі шалдыққан. Тіпті өз дертін өзінің «қара төбетіне» балаған. Кез келген иттің ашуын ауыздықтау үшін оны үйрете білу керек. Черчилль де ішіндегі «қара төбетін» баулыды. Қалай дейсіз ғой? Мәселен, депрессиялық күйге тап болған адам дерттің себебін өзінен іздеп, өз-өзін кінәлайды. Ал Черчилль кінәні өзінен іздеудің орнына: «Қара төбет маған қалай әсер етуде?» немесе «қара төбеттен қалай құтылсам екен?» деген сауалға жауап іздеген. Депрессияның да өзіне тән аты болады екен...
Ал Ұлыбританияның тақ мұрагерін дүниеге әкелген әйгілі ханшайым Диана босанғаннан соң ауыр күйзеліске тап болады. Дертті еңсере алмаған ханшайым өз- өзіне қол салып та әрекеттенген. Әйтсе де уақыт өте келе ол дертінен айығудың жолын тапты. Диана қайырымдылық жұмыстарын толықтай қолға алып, өзге адамдарға бақыт сыйлауды жөн көрген.
Лев Толстой әлемге әйгілі «Анна Каренина» атты романын жарыққа шығарғаннан соң, бірер уақыт депрессиялық күйзеліске ұшырайды. «Өмірде бақыт жоқ, тек оның ұсақ-түйек бөлшектері бар» деп шағымданыпты жазушы. Талант иесінің өмірден баз кешкені соншалық, тіпті өмірімен қош айтысуға да бел буған. Бірақ Толстой түбегейлі дінге бет бұрып, дертінен айығады. Осылайша сенім дерттің бетін қайтарған.
Ал Эдвард Мунк есімді суретші өмірінің тең жартысын депрессиялық күйзелісте өткізіпті. Тіпті ол өзін психиатриялық емханаға жатқызуды өтініп, сегіз ай бойы ем қабылдаған. Дерт суретшінің бойына мықтап енсе керек, ол өзінің әйгілі картиналарында да психологиялық жағдайын суреттепті. Мунктың ем қабылдағанға дейінгі қайсыбір туындысында балалық шаққа, өмірге деген ыза мен кек анық суреттелсе, ем алғаннан ке­йінгі туындыларында өмірдің ашық та, шырайлы тұстары баяндалған.
Депрессиялық күйде жүрген адам «барлығы жақсы» деп, жайма-шуақ өмір кешетін адамнан гөрі шешімді тез әрі дұрыс қабылдайды екен. Зерттеушілердің пайымдауынша, күйзелістегі адам ақпаратты тез сараптап, шешім қабылдағанда тосылмайды. Бірақ бұл тек біржақты пікір. Психологтар депрессиялық кезеңде жүрген адамның кез келген тапсырманы орындай алмайтынын айтады. Өйткені дертке тап болған жан жауапкершіліктен гөрі өз проблемаларына көбірек мән береді. Сондықтан жұмысты да, басқасын да кейінге ысырады.
Әрине, пайым да, болжам да көп. Психологтар дерттен айығу үшін адам ең алдымен ішкі жан дүниесінің мәнін ашу керек дейді. Яки кез келген адам өз-өзімен тілдесіп, сұраққа жауап іздеуі тиіс. Күйзелістік күйге түскен адам тек өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да кері әсер етеді, мұндай адамдар қоғамнан алшақтанып, алдамшы ғұмыр кешеді деген пайымды да алға тартып отыр. Қалай десек те, күйзеліс - дерт. Бірақ оны емдеудің сан түрлі әдіс-тәсілі бар. Дамыған елдерде әрбір адам алты ай сайын психологпен кеңеседі екен. Біздің қоғамда психологтың көмегіне жүгініп, кеңес сұраған адам рухани әлсіз немесе есуас, нақұрыс адам саналады. Әйтсе де шым-шытырық оқиғаға толы бүгінгі жаһандық қоғамда психолог маманның ақыл-кеңесі әрбір адамға қажет сияқты. Ішке енген «қара төбетпен» күресу заманауи адам үшін маңызды-ақ. Әйтпесе, жауапсыз махаббаттың ащы запыранын тартқан жастар да, ҰБТ-ны тапсыра алмай сан соғып қалған жасөспірімдер де, күнделікті күнкөріс көзінен айырылып, өмірінің мәнін жоғалтып, араққа салынған ерлер де намыстан қорланып, ақыр аяғында тәнін саудаға салған бойжеткен де, бір балаға зәру боп, Алладан ұрпақ тілеген ана да, баспанасыз далада қалған тұтас жанұя да күйзелісті жағдайды бастан кешіріп, күйзеліс атты әбжыланның аузына ілігуде... Бір қарағанда мұның барлығы өмірдің елеуге тұрмайтын сәті сияқты, бірақ зардабы мен салдары тым ауыр-ақ...

Дерт жинаған деректер
Қазір 40 жастан асқандардың 10 пайызы күйзеліске түссе, оның үштен екісі әйелдер екен. Ал күйзеліс 65 жас-тан асқандар арасында анағұрлым көп. Балалардың 5 пайызы, жасөспірімдердің 15 пайызы осындай жағдайды басынан өткереді. Дамыған мемлекеттер халқының 20 пайызы депрессияға ұшыраса, ал қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы жабығуға бейім. Әсіресе, бұлардың ішінде кішігірім қала тұрғындары мен жалғызбастылардың үлесі басым.
Айта кетерлік жайт, наркологиялық диспансерлер мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың басым бөлігі белгілі дәрежеде жүйке жүйесінің қызметі ауытқығандар. Демек, күйзелістің қауіптілігі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Оның үстіне, суицид деген қасірет адамзатты қынадай қырып жатыр. Бұл қасіреттен Қазақстан дүние жүзі бойынша тізім басында көш бастап, үшінші орынға тоқтайды. Бұл жерде де күйзелістен басталатын психикалық ауруларды жоққа шығара алмаймыз. Оған дәлел, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы – психикалық дертке шалдыққандар.
Депрессияның униполярлы, биполяры, үлкен және мерзімдік, рекурентті, дистимия сияқты түрлері жетерлік. Медицина мен психологияда терминдік атаулары бекітіліп, ерекшеліктері мен сипаттары сараланып қойылған. Ал, негізінен депрессия пайда болуының реактивті және эндогенді түрлерін атаймыз. Реактивті депрессия өмірдегі белгілі бір жағдайларға байланысты туындайды. Мәселен, жақындарын жоғалту, апатқа ұшырау немесе қызметтік ауыс-түйістегі сәтсіздіктер, адамдар арасындағы қатынастан туындайтын кикілжіңдер сияқты жалғаса береді. Ал егер осы аталған сыртқы факторлардың әсерінсіз-ақ адам алжаса бастаса– эндогенді депрессияның бой көрсеткені. Адамның ішкі ойындағы «жегі құрттар» оны құлдырауға итермелейді. Бұл адам белсенділігінің, өмірге құштарлығының жоғалуы, қорғансыздық, үмітсіздік, күдік пен күмән, өзін-өзі немесе өзгелерді кінәлау, тағы да басқа толып жатқан жағымсыз эмоционалдық күй. Мұның соңы адамды психикалық тұрғыдан да, физиологиялық тұрғыдан да шаршатып, тамаққа тәбеті тартпай, ұйқысыздыққа ұрындырып, күйгелектікке әкелуі мүмкін. Тіпті айналасындағылардың бар-жоғын ескермейтін делқұлыға айналдыруы да ғажап емес. Сана-сезіміне, ақыл-есіне әсер етіп, нәтижесінде адам өз ішінен, өз әлемімен тұйықталып, терең ойдың тұңғиығынан шыға алмай қалады. Әрі-беріден соң өз-өзін, тұлғалығын, болмысын тани алмай азапқа түседі. Қиялындағы идеалын іздеумен болады. Кейбір зерттеушілер: «Күйзеліске ұшыраған адамдар сүю, жақсы көру деген сезімдерден мақұрым», – дейді.
Жалпы психикалық аурулар невроз және психоз деп бөлінеді. Невроз кез келген адамда, өмірінің кез келген кезеңінде болуы мүмкін. Оның стресс, депрессия, дистимия сияқты толып жатқан түрі бар. Ал психоз – тұқым қуалаудан немесе бір апатқа ұшырағанда, денесіне дерт жабысқанда болады. Бүгінде айдың күннің аманында күйзеліске түсіп, стресс алып ауру атанып жатқандар көп.

Күйзелістен айығу жолы
Күйзелістен емделудің екі жолы бар: күйзеліске қарсы дәрі-дәрмектер пайдалану және психотерапия. Тек, бұл тәсілдерді адам өздігінен емес, арнайы орталықтарға барып, мамандардың кеңесімен жүргізеді. Белгілі бір уақыт бойы жүргізілген психотерапия айығуға тиімді.
Негізі немқұрайлылық пен бейқамдықты көтермейтін нарық заманында депрессия әкелетін себептер көп. Әлеуметтік мәселе, қаражаттың жетімсіздігі, адамдар қарым-қатынасындағы келеңсіздік… тағы тағылар. Бірақ адамдар өзінің психикалық ауруға шалдыққанын аңдамайды немесе мойындағысы келмегендіктен де мамандар мен арнайы орталықтардың көмегіне жүгінбейді.
Кішігірім күйзелісті асқындырмай, депрессияның алдын алу үшін төмендегі қарапайым қағидаларды есте ұстаған абзал.
Бірінші- кез келген адам өзінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауы керек. Мәселен, дер кезінде тамақтану, дұрыс демалу, спортпен шұғылдану.
Екінші-адам өмірде өзіне не керек екенін бағамдап алса, құба-құп. Жоқ дегенде, күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану аса қажет. Сонда ғана өзінің ісі мен өміріне көңілі толып, қажетсіз ойдан арылады.
Үшінші- әркім өзі бағалайтын құндылықтарды сақтауға күш салса, жақсылыққа бір табан жақындайтыны анық.
Жалпы күйзелістің адам денсаулығына әсері -бұл жүйке жүйесінің, қан айналымының бұзылуына әкеп соғатын себептердің бірі болып табылады. Қазіргі заманда адамдар невроз яғни күйзеліске көптеп шалдығады .
Күйзеліс – ұзаққа созылған енжар, жабырқаңқы көңіл-күйді сипаттайтын ішкі сезім жағдайы, ол күнделікті өмір сүру қабілетіне әсер етеді.
Адамның күйзеліс жағдайына түсуге әсер ететін 2 фактор бар. Бейімделушілік факторлары – бұл күйзеліске бейімдейтін тұлғаның ерекшелігі немесе тұрмыс қалпы, мұның барлығы оған дейін басынан өткерген оқиғаларға немесе әлеуметтік сипаттағы жағдайларға байланысты.
Тездетуші факторлар – бұл арандатушылық және күйзеліс кезінде анықталатын жағдайлар, мысалы жұмысынан айырылу немесе жақын адаммен қатынасты бұзу.
Бұл факторлар «өмірлік оқиғалар» деп аталады, яғни адам өмірінде кенеттен болатын өзгерістер.
Күйзелістің денсаулыққа әсері
-енжар, жабырқаңқы көңіл-күй
- күнделікті істер мен қызығушылықтарға ықыластың болмауы
- алаңғасарлық зейін мен концентрация
- ағзаның зат алмасуының бұзылуына әкелетін тәбетсіздік немесе шамадан тыс тәбет
- мазасыз ұйқы
- шаршау
- өзін қажетсіз және үмітсіз сезіну
Мысалы:қытайдың «Цигун» деген кітабында «қандай аурудың болса да сыртқы және ішкі себептері болады»-дейді.Аурудың ішкі әсеріне жеті түрлі эмоциялық әрекеттер себеп болады екен.Бұған:қуаныш,кек,қайғы,қатты ойлау,уайымдау,қорқыныш,үрей жатады.Қандайда бір эмоциалық қобалжу,берекесі кетіп ,мазасыз күй кешу-ішкі ағзалардың жұмсын нашарлатады,аурудың белең алуына себеп болады.
Ғылыми дәлелге жүгінсек: «Кенеттен қатты кектену-бүйректің жұмыс ырғағын бұзса, шамадан тыс қуану-жүректің жұмсын нашарлатады.Қайғы мен қатты ойға берілу-көк бауырдың жұмсын қалыптан шығарса ,уайымдау –өкпе қызметін қиындатады.Қатты үрей бүйрек күшін әлсіретеді.
Күйзеліспен күресу үшін не істеу қажет?
- Өзіңіздің «науқас» екеніңізді мойындау
- Белгілері байқалған кезде көмек сұрау
- Психологиялық денсаулықтың жағымды жағдайларымен сүйемелденетін тұрмыс қалпы – достарыңмен уақыт өткізу, басқалармен мәселелер мен алаңдаушылықтарың жөнінде әңгімелесу, қызықты іспен айналысуға уақыт бөлу, спортпен жүйелі түрде айналысу, алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс пайдаланудан, темекі, есірткі тартудан, сонымен қатар сізге кері әсерін тигізетін жағдайлардан аулақ болу.
Ең қорқыныштысы күйзеліс суицид жасауға және өзіне-өзі зиян келтіру туралы ойларды туындатады, және көп жағдайда «жедел жәрдем» шақыратын адамдар қасыңда болмайды. Тек қайғыдан мұң шеккен туыстарыңа, жетім қалған балаларға жаны ашу және мұндай жағдайда олардың тағдыры қалай болатынын болжау ғана қалады.Адам баласы тынымсыз қозғалыстан ,бітпейтін шаруадан ,ұжымдағы кикілжіңнен яғни әлуметтік ортадағы келеңсіздіктен жүйкесі жұқарып ашуланшақ болып күйзеліске ұшырайды,тығырықтан шығатын жол іздейді.
Қандай жағдай болмасын барлығының шешімі бар, тек өз-өзінді тәртіпке салып, өмірлік серігіңмен,жанашыр достарымен ,ағайын-туғанымен қарым-қатынасты үзбей жақсарту керек. Дұрысы өзіңнен сұраған жөн: «Әрі қарай қиналғым келе ме және оған құқығым бар ма? Себебі маған көп адамдар тәуелді және менің еңбекке қабілетім мен өмірдегі белсенділігімнің төмендеуі ең алдымен оларға кері әсер етеді. Айқын әлемде менің өз міндеттерім бар және оларды орындау үшін мен күш-жігерімді жоғалтпауым керек.
Өзіңізге «осы жерде отырып өзімді бақытсыз сезінгенше, мен көп істер атқаруым керек!» деп айтыңыз, күнделікті шаруалар жеткілікті – өзіңізді соларды іске асыруға мәжбүрлеңіз.
Өзіңе қандай күшті екеніңді, өз ойларыңды өзгерте алатыныңды, күйзелістен шыға алатыныңды дәлелде.
Жақын адамдарыңның арасында тату және жайлы жағдай жасауға тырысып көр, мүмкін өмірің жақсаратын шығар.
Психологтар күйзелістен құтылудың дәріден басқа әдісі бар деп есептейді. «Үмітті сезіну-күйзеліспен күресуде таптырмас қару болып табылады» деген пікірді алға тартады.
Психолог Jennifer Cheavens: «Адамда неғұрлым көбірек үміт болса, соғырлым адам күйзеліске сирек тап болады.Сондықтан үмітке мұқтаж адамдарды үміттенуге үйрету керек» ,-дейді.
«Егер сіз қалаған нәрсеңізге қалай қол жеткізу керек екенін білсеңіз, сондай-ақ мақсатыңызға жетуге нық сенсеңіз, онда сіздің үмітіңіз бар деп есептеуге болады» Jennifer Cheavens
Психологтардың айтуы бойынша, үміт пен оптимизм екі бөлек нәрсе.Оптимизм-болашақта бір жақсылық болды деген сенім, ал үміт-нақты бір мақсатқа жетуге деген құлшыныс.
Үміт тек қана сеіммен ғана туындайды.Үміті бар дам ғана өзінің болашағына нық сеніммен қарайды, ал үмітсіздік келешекті тұмшалап тастайды.Үмітсіздік – үнсіз жұтатын ұйық іспетті. Адам қанша қарманбақ болса да, еш нәрсеге қол іліктіре алмай, батқан сайын бата түседі. Үміт арқылы қиын белестерден қиналмай асып, биік шыңдарға шығуға болады. Үмітсіз – тек шайтан ғана.Жалпы психологиялық дағдарысқа ұшыраған адам уайымшыл келеді. Ол өзін шарасыз әрі жалғыз сезінеді. Мұның бәрі агрессияға, күйзеліске, құлықсыздыққа, психосоматикалық дерттер мен өзге де ауыр науқастарға алып келеді» дейді мамандар.
Осы ретте мамандар қазіргі таңда дағдарыстың өзі емес, адамдардың күрделі жағдайдан өздігінше шыға алмауы қауіпті екендігін ескертеді. Ал, бүгінде психологиялық орталықтардың қызметі де қаржыны талап ететінін ескерсек, күйзелістегі кісінің писихологтардың көмегіне жүгіне бермейтінін ескерген жөн, дағдарыс әркімге әртүрлі әсер етеді, сондықтан одан шығу барысы да әрқалай.
– Психологиялық дағдарыстан шығу әр адамның өз қолында. Егерде ішкі психологиялық энергиясы, санасы мен жігері жетіп жатса, онда ол адам қандай қиындықтан болсын өз бетімен шығып кетеді. Ал егерде ол қасиеттер әлсіз болса, әрине,бұл жағдайдан өздігімен шыға алмайды. Сондықтан, міндетті түрде маманның көмегіне жүгінуі керек.
Мамандардың айтуынша, депрессияға ұшыраған адамдардың 70 пайызы тығырықтан өзі шығуы мүмкін. Қалған 30 пайызына психологтардың көмегі қажет.
«Әр адам өзінің жеке тұлға екендігін ұмытпағаны жөн, сонда ғана ол өзін жоғалтпай, мәнді де маңызды өмір сүруді үйренеді» дейді мамандар. Психологтардың айтуынша, бұдан жиырма жыл бұрын, яғни Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аласапыранда көптеген отандастарымыз стресстің емін «ащы судан» тапқан. Ал қазір бас ауыртатын уайымның емін дәріханадағы дәрілерден іздейтіндер көбейіп отырған көрінеді. Психолог мамандардың да көмегін керек ететіндер некен-саяқ. Оның бір себебі, қазақтың өз жарасын өзі жалап жазу керектігі хақындағы ұстанымды ұстайтын ұяңдық қалпы болса, екінші жағынан, елімізде психологиялық орталықтардың жұмысының әлі де бір жүйеге түспей отырғаны. Мысалы, біздің өңірімізде отбасылық проблемаларда қол ұшын созатын бір-екі ғана орталық бар. Оған тізімге жазылсаң, міндетті түрде кезекті күтуің керек болады. Ондағы бір сеанстың құны 2000-3000 теңгенің көлемінде. Ал бір теңгесі болса да, қарызынан құтылуды ойлап отырған жұртшылық сол теңгесін қиып, психологқа барады дегенге сенер ме едіңіңіз.
Күйзелісті қалай жеңуге болады?
Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз-күйзеліс.
Күйзеліс – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.
Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Күйзеліс- адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен күйзелістің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
Әдебиеттерде күйзелістің туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккөру және т.б.
Оқушылар арасында кездесетін күйзеліс факторының бірі оқушылардың мектепке баруды ұнатпауы. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!
Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқандай барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Күйзелістің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.
Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?
Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
Жеткіншектерде кездесетін күйзелістер.
Туған-туыстармен туыстық қарым-қатынасты үзу, өнімді жұмысқа деген бейжайлық, сылбырлық көрсету, өмірден түңілу, жанұяның, қоғамның, діни топтардың құндылықтарына жағымсыз көзқараспен қарау, сияқты әрекеттердің патологиялық қалыптасуы суицидтік әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын шарттастыратын детерминациялаушы фактор негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маргинализм байқалады. Өйткені олар әлі де болса, есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең жағымды түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.
Жалпы, жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай әрекеттерден де анық аңғаруға болады:
1.Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.
2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.
3. Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.
5. Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.
6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:
1. ұйқысы бұзылады;
2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегесу әрекеттері мен агрессия байқалады;
3. апатия, күйзеліс:
4. достарын жиі ауыстырады;
А.Е.Личконың пiкiрiнше, күйзелістік әрекеттерге мынандай факторлар жетелейді: 1) сүйікті адамнан айырылу; 2) жалықтыру күйі; 3) өзінің адамгершілік құндылығын кеміту сезімі; 4) есірткі, гипногендік психотропты дәрілер және ішімдікке салыну нәтижесiнде тұлғаның қорғаныш тетіктерінің күйзелуі; 5) өз-өзіне қол жұмсаған адаммен өзін теңеу; 6) түрлі себептерден қайғыру мен орынсыз ызалану, күйзелу, қорқыныш сезімдері және т.б Дж. Райкустың көзқарасы бойынша, көптеген жасөспiрiмдер күшті эмоционалды сезімдерді сынауға мүмкiндiк беретiн айналасушылыққа тартады. Олар өздерінің тәжирібеснің жоқтығынан, оған қоса өз күшін және дағдарыстық ахуалды жағымсыз қабылдау және өмірге қауіпті және ауыр зардаптардан пайда болатын қатерге бейімділігінен интенсивті эмоцияларын тежеуге немесе бақылауға сирек икемі болады Көптеген жасөспірімдерде өзіндік бағалаудың дамуы тұрақты немесе жағдайлық үрейлікпен қосарланады. Жасөспiрiмдердің өзідік бағалауының дұрыс дамуы барысында тұрақтылыққа, бағалау мен талаптардың дұрыстығына зарығады. Өз-өзін бағалау әлеуметтiк-психологиялық адаптация және тұлғаның дезбейімделушілік үрдісімен тікелей байланысқан, өйткенi көзделген бейімделудің шарты әлемнiң нақты түрi және мен кейіпі теңдестірілетін қызметтік динамикалық бiрлiк болып табылады. Бұл дегеніміз, жасөспірім топтың талаптарына өз күштерiн мөлшерлеуге және өздігінен нақты мақсаттар және міндеттерді өз алдына қоюға мүмкiндiк бередi. Өзін-өзі бағалау жасөспiрiмнiң әлеуметтiк табылады бейiмделуiн едәуiр дәрежеде анықтайды, мiнез-құлық және қызметтiң реттеуi болып табылады.
5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. «Қорқынышты өзің жең» атты тренинг өткізілді. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеудің қорытындысы бойынша оқушылардың жаңа сыныптарға,әр түрлі сабақ беретін мұғалімдерге бейімделу деңгейлері, қалыпты деңгейді көрсетті.
Арт -терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Арт-терапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Өзімнің практикамда 5«ә» сыныбына сурет сабағынан уақыт сұрап
Оқушылармен «Мен және менің отбасым» бейнелеу терапиясын өткіздім.5-сыныптағы 15 оқушының 14-нікі қалыпты өз отбасыларына сай сурет салынса,бір оқушы Ж-ның суреті ақылға қонымсыз болды.Ол өз суретінде ата-анасының ортасында отырған «ұл» баланы қара қаламмен бастырып, суреттеп салып қойыпты.Оқушымен жеке сөйлестім.Он жасар бала жанының күйзелісі отбасында бес қыздың болуы,әкесінің бір ұл баланы аңсауы,ата-ана арасындағ салқындық отбасының бұзылуына әкеліп тіреу мүмкіндігі болып отыр.Бала жаны отбасының бұзылмауын тілейді,әкесініңі арақ ішіп келіп анасын орынсыз кінәләмағанын қалайды.Баланың анасымен жеке сөйлестім,
қызының салған суретін көрсеттім.К-біраз қиналып қалды,оған шешімін табуға болатын үш жолды айтып өзімнің көмектескім келетінін айттым.
Бақылау әдісі арқылы: 5 сынып оқушысы Б.Т сабақ үстінде үнемі сылбыр, сабақты автоматты түрде тыңдайтын. Ешқандай айналасында болып жатқан іс-әрекеттерге қызықпайтыны, сабақ беріп жүрген мені алаңдататын. Үзілісте балалармен ойнамайды, партаның үстіне кітаптарын құшақтап жата береді. Сынып жетекшісі Зайтунаға ескерттім. Баламен жеке сөйлесіп, сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде баланың отбасы сәтсіз отбасы екені алдын ала белгілі болғанымен, баланың ішкі-жан дүние күйзелісін жақындары аңғармаған . Баланың бұл ішкі күйзелістік жағдайын әкесімен қамқоршы әпкесіне жеткізілді. Бала анасына барғысы келетінін айтып,ортаға салдық. Атасы немересінің анасына баруына тиым салып, өзі тәрбиелейтінін айтты. Бала ауыр психологиялық күйзелісте болды, сабаққа келмеуді шығарды, басты проблемасы қалаға жаяу жету болды. Қамқоршы апасынан қолхат алынды. Сынып жетекшісімен бірлесіп қаладағы анасына баласының жағдайын жеткіздік. Бір айдан кейін бала анасымен табысты.
Балабақшаға жаңадан барған 2 жастағы баладағы күйзелісті өз баламның басынан өткердім .Балабақшаға алғаш барған бала міндетті түрде жылап анасынан айырлмай қояды.Эмоциональды күйзеліске ұшыраған бала анасынан белгілі уақыттқа көз жазып қалады,бұл үнемі анасының қасында болуға үйренген балаға өте ауыр соққы болады.Үйге келгеннен кейін сені жазғырып жақындамай үйдегі басқа үлкендерден қамқорлық,көмек күтеді.
2-жастағы баланы күйзелістен шығаруда балабақша психологымен тәрбиешінің ролі зор.Менің балам Бекнұр эмоциональды күйзелістен 3-аптадан соң ғана айықты.Сол аралықтағы қиындыққа төзбесек,балабақшада баланың адаптатциалануына ,үйренуіне мүмкіндік бермей шығарып алсақ алдағы уақытта өзімізге де баламызға да қйын болар еді.Уақытша күйзеліске шыдай алмай, алдағы күндеріңді қиындатудың қажеті жоқ.
Мектеп өмірінде бір тұрақты шеңбер қалыптасқан:Мұғалімнің жүйкесін жұқартатын-оқушы,оқушының жүйкесін жұқартатын –мұғалім.
М.Қ 3-сынып оқушысы мектептен тыс уақытта еркін сөйлейді ,билейтінде де өнері бар.Ал сабақ айтуға келгенде,аузын біреу жауып қойғандай үні шықпайды.Апайы қанша ұрысса да ақыл айтса да нәтйже жоқ.Анасы қызының алғыр,пысық екенін алға тартады,қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатынын айтады.Оқушыны сөйлету мағанда оңай болған жоқ.
Оқушыға арнап сауалнамалар беріп, біртіндеп сеніміне кіре бастадым.Нәтижесінде бала өзін мұғалімнің әділетсіз жазалауын,көпшіліктің көзінше ұрса беретініне наразылығын білдірді.Анасыда үнемі мұғаліміңді тыңда деп ескерту беруден жалықпайды,бала өзін қорғау үшін үндемей қалуды жөн көрген.
Мутизм- деп аталатын бұл ауру күнделікті мезі қылған ескерту,ұрсуға баланың ішкі қарсылығы ретінде пайда болады.
Логофобия-адамның өзіне белгісіз себептен тілінің байланып қалуы(сөйлеуден қорқу).
Мектептегі тәжірибе көрсеткендей кейбір бала өзін әділетсіз жазалаған мұғалімнің алдында ешбір сұраққа жауап бермей ,сағаттап үнсіз тұра береді.Сөйтіп жүтіп іштей күйзеліске ұшырап ,бұйығылыққа,көңілсіздіктің тереңіне түсіп кетуі мүмкін.Мектеп психологы сырттай бақылауда өте қырағы болуы керек.Жаны жабырқаулы ,көңіліне сызат түскен балаға мейірімді тыңдаушы ,жағымды қарым –қатынас ,топпен жүргізілетін тренингтер ұйымдастыру керек,келеңсіз жағдайдың алдыналу керек.
Аутизм-өзін-өзі уайымға салып,қай-қайдағыны ойлап іштей көп күйзелетін бала осы ауруға ұшырайды.
Жасампаз бала(шизоидтық тип)-бұл балалардың барлық сабаққа бірдей ықыласы бола бермейді.Өзін қызықтыратын сабақты ғана оқиды.Бірақ ол балалардың табиғатындане өнерге,не ғылымға қаблеті айрықша болады.
Дүнйеге ұлы жаңалық әкелетіндер осындай балалардан шығады.
Әлеуметтік ортада ,қарым-қатынаста үлкен-кішінің,кіші-үлкеннің алдында ойланып сөйлеп ,көңілімізге қаяу түсірмеуге ұмтылайық ағайын. « Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады»,-деген қазақта сөз бекер айтылмаған болса керек.
Көңіл дегеніміз не?
Қазақ ғалымы Ғ.Есім-нің айтуынша: «Көңіл – айналадағы ортаға, жа-
һанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысты, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп – қорытатын адам жанының сырлы әлемі.
Көңіл деп аталатын қуат адамның жүрегінде. Содан көңіл деген ұғымды жүрек деген ұғым ретінде қолданатындар, көңіл жүрек, діл ұғымдары-мен ұштас дейтіндер де көп. Әйтеуір, адам денесіндегі барлық мүшелері осы көңілге бағынады. Біздің сезім мүшелеріміз арқылы алынған хабарлардың барлығы да көңілде, яғни, жүректе жиналып, адамға әсер етеді. Жалпы, адам ықыласының негізгі көрсеткіші – көңіл. Мұнан туатын қорытынды: көңіл – жүрек қалауы.
Жүсіп Баласағұни айтады: «Кісі көңілі – түпсіз теңізбен тең», - деп. Иә, дүние қалай үнемі үздіксіз алмасып тұрса, адам көңілі де сондай сәттерге толы.
Адам бадасы ең саналы тіршілік йесі,түсінісуде сөздік қоры дамыған индевид.
«Әркім өз бақытының ұстасы». Оның көңілінің тазалығы, көңіл-күйінің жақсы, жаман болуы өзіне байланысты. Соған қарамастан, оған әсер ететін, көңілді бұзатын, көтеретін де жағдайлар, сыртқы ортаның әсері көп. Тек, талас туғызбайтын ақиқат: адам көңілді жүрсе, көңіл-күйі ешнәрсеге алаңдамаса, денсаулығы, жұмысы жақсы болып, отбасына да, ұжымына да, көрші-көлеміне де, қоғамына да тигізетін пайдасы, шарапаты мол, қарым-қатынасы тәуір болса барлық қиындықты жеңуге болатыны анық.
Саяси сәуегейлер «алда экономикалық дағдарыстың тағы бір үлкен толқуы келе жатыр» дегенді айтады. Қоғамда суицид, педофилия сынды проблема өршіп тұрған кезде бұл күйзеліс үстіне күйзеліс жамары анық.
Жалпы дағдарыс адамға жат дүние емес. Өйткені адам өзі ғұмырында бірнеше дағдарысты басынан өткереді және сол арқылы дамып, жетіледі.
Дағдарыс 1 жастан басталады, одан әрі 7, 13 және сөйтіп кете береді. Күйзелмейтін, стрессті бастан кешірмейтін саналы тіршілік иесі жоқ. Оларды жеңе отырып, адам нығаяды, өмірлік жолын әрі қарай жалғастырады. Жалпы кез келген проблемадан шығатын жол бар. Адам тек өлім проблемасынан қашып құтыла алмайды (Қорқыт баба аңызын еске түсіріңіз). Тығырықтан шығатын жол болмаса, Жаратқан Иеміз адамды жаратпас еді. Жол көп және оны адамның өзі табуы тиіс.
Күйзелістен арылып бақытты болғыңыз келсе ең алдымен жақсылық жасап үйреніңіз.Еңбек,мейірім,қанағ

Похожие публикации:

10 май 2017 о
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Райымбек ауданы, көшесі, үй

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru