О.Жандосов мектебі » Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
май
2017

О.Жандосов мектебі

«Райымбек ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алудағы ата- ананың міндеті » тақырыбында жиналыс өтті.

№ 5 хаттама

Нарынқол ауылы 20 қаңтар 2017 жыл

Қатысуға тиіс: 84
Қатысқаны: 76

Күн тәртібінде:

1.«Жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алудағы ата- ананың міндеті »
Өткізілген орны: Ауылдық мәдениет үйі
Қатысушылар:
Аудандық прокуротурасының аға прокуроры Талғат Әбеков.
«Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ғ.Бозымбаева
Ауыл әкімі Иманбеков Оспан
Ақсақалдар алқасының төрағасы Ахметов Қ
Сарыбастау ауылының имамы Азамат Бұхарбеков
Райымбек аудандық ЮПП - нің бастығы, полиция капитаны Мекебаева Гүлбану
мектеп директорлары: Н.Шакенов ,С.Үмбеталиев,Г.Төлегенова
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: С.Қалымбетова
ата-аналар комитетінің төрайымы: Г.Дүйсебаева
мектеп психологы Г.Әдепбаева
құқықтық кеңес жетекшісі: Г.Әдепбаева
қыздар ұйымының жетекшісі: А.Рысбекова
ұлдар ұйымының жетекшісі: Р.Исембаев

8-11 сынып оқушылары мен ата-аналар
Шақырылғандар: Аудандық прокуротурасының аға прокуроры Талғат Әбеков,
«Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ғ.Бозымбаева,
ауыл әкімі Иманбеков Оспан,ақсақалдар алқасының төрағасы Ахметов Қ, Сарыбастау ауылының имамы Азамат Бұхарбеков
Райымбек аудандық ЮПП - нің бастығы, полиция капитаны Мекебаева Гүлбану
Ауыл әкімі Иманбеков Оспан, Ауылдық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Ахметов Қанат, аналар алқасының төрайымы Өміралиева Ажар, 8-11 сынып оқушылары мен ата -аналар

«Жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алудағы ата- ананың міндеті » тақырыбында Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің тарих ,құқық пәнінің мұғалімі тарапынан жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық пен ерте жастан жүктілік фактілері бойынша дәріс оқыды.

«Жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алудағы ата- ананың міндеті »
Ана мен баланы қорғау мәселесі құқық қорғаудың басым мәселелерінің бірі болып табылады. Ана мен балаға қатысты кез-келген зорлық-зомбылық қатаң тыйылуы қажет. Жаңа Қылмыстық кодекстегі жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін қатаңдатылған жауапкершілік шаралары осының куәсі болып табылады. Бас прокуратурамен талдау жасап, оның негізінде осы қылмыстарды жасауға себепші болатын басты себептер анықталды. Оның қатарында отбасы институтының әлсіреуі, моральдық-адамгершілік деңгейінің төмендеуі; зорлық әрекеттерін жасауға бейім, психикалық дені сау емес адамдарды айқындау бойынша ішкі істер мен денсаулық сақтау органдарының өзара қатынасының нашарлауы; оқу орындарда арнаулы алдын алу жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі; порнографиялық және зорлық-зомбылықты насихаттайтын интернет-сайттардың негативтік әсері; жәбірленушінің виктимдік (арандатушылық жасау) тәртібі, ең алдымен кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктер ішумен және аморальдық тәртібімен байланысты (зорлаудың әрбір екінші жағдайы ішімдік ішумен байланысты).Өкінішке орай, сексуальдық қылмыстың статистикасы көрсетіп отырғандай, барлық өкілетті органдар тарапынан оны тергеу, ашу және алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі жеткіліксіз. Жүйелі жұмыстың жоқтығы, барлық мүдделі және уәкілетті органдар арасындағы өзара қатынас жеткіліксіз орнатылған.Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық фактісінің көбеюі ерекше үрей тудырып отыр.
Сөйлеушілер:
«Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ғ.Бозымбаева
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары ең алдымен өздерінің ата - аналары.
А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім-тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет.
Сөйлеушілер:Райымбек аудандық прокурордың аға көмекшісі Т.Әбеков
Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады.Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.
Сөйлеушілер: Аудандық ЮПП-нің басшысы Г.Мекебаева
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.
Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.
Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.
10 а сынып оқушысы: Қаратай Ақжан
«Өмір –Алланың сыйы». "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Сөйлеушілер:
Ауыл имамы Бұхарбеков Азамат
Өмір адамға бір ақ рет берілетінін бәріміз де білеміз. Бірақ осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? "Адам болып қалу үшін ғаламда,үлкен арман керек екен адамға"- деп,Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол әрине ой-қиялы,мақсат мүддесі.Мақсаты жоқ адам қанаты қайырылған құспен тең. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдымасақ та,адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды.Шекспирдің болжамы бойынша,адамдардың жақсы немесе жаман болуы - бір затқа екі түрлі көзқараспен қарайтындығында.Менің бұл өмірде білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз екендігін өте жақсы білем, және де бұл өмірден бәрін біліп кеттім деген адамды әлі кездестірмедім бәлкім жоқ та шығар дей отырып, мына өлең жолын қабыл алыңыздар. Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды-көпті кешкен тіршілігінде пешенеге жазғанын көріп, сезінеді дегенімізбен, қазіргі жастарға індет болып таралған. «Суицид» деген пәле қайдан шықты? Оның сырын қайдан іздейміз? Неге біздің елімізде жастар өлімі көбейіп барады? Қалай ғана олар өз өмірлеріне жеңілдікпен қол салады ? Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын қалай алуға болады ? Өмірдің мәні неде ?
Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып, жесең, соның өзі бақыт. Біріқ ойлы-қилы өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдай ала ма ? шыдауы керек деп жұбату сөз айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен горі бақилық дүниені дұрыс көріп, «сол жаққа» мезгілсіз аттанып жатады.
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы - қасақана өз өмірін қию.Бұл ұғымға 19 ғасырда Француз социологы Э.Дюркгейм анықтама берген. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы.
Оның себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Осындай күйзелістердің көмегімен жастарды психологиялық індетке жетелейді. Казіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондыктан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді.
Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғады.
Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Осыны пайдаланып, буыны бекіп, өмір туралы өзіндік дүниетанымы қалыптасып келе жатқан жастарды желкесінен алып, жолынан тайдыратын, үмітін үзетін, басқа түскен қиындықпен күресуіне жол бермейтін, өмірден түңілдіретін – осы суицид.
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай.
Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы проблемасын дәрігерлер, психологтар, психотерапевтер, зерттеушілердің қарастырып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ.. Бұл туралы зерттеу жүргізіліп, монографиялар, кітаптар жазылды. Алайда, одан еш өзгеріс болмады. Керісінше, күн өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқандығын байқаймыз. Дағдарысты күйге тап болғандар оны тек үйдің ішінде талқыға салып, сыртқа шығармайды. Сондықтан көп жағдайда мұның себебі анықталмай қалады. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген мәселе туралы айтпайды, оны жасырып-жабуға тырысады. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі, үндемей қалуды жеңіл көреді. Тіпті өз-өзін өлімге қиған жағдайда да оның себебін жазып та қалдырмайды.
Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс.
Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Балалар мен олардың отбасына деген арнай (психологиялық кеңес беру, көмек көрсету, тіпті кей жағдайларда тек қана көңіл бөлуді қамтитын) іс-шаралардың ұйымдыстырылуы қажет.
Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады.

Психолог Г.Әдепбаева
«Қыз тәрбиесі»тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.
Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, түрлі кинофильмдер жан-жақты әсер етуде.
Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады.
Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.
«Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін.


Шешім :
1. «Жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алудағы ата- ананың міндеті » тақырыбындағы жасалынған баяндама басшылыққа алынсын.
2.ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, жол-патрульдік полициямен бірлесіп, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу, болатын орындарды анықтау, жою шараларын жүзеге асыру;
2.Білім мекемелері басшыларының профилактикалық-ақпараттық жұмыстары бойынша есептерін тыңдау;
5. Мектеп әкімшілігі тарапынан ерекше назардағы балалардың отбасын аралау, түрлі сипаттағы құқығына қол сұғушылық (ұру, зорлау, дене жарақаты т.б.)
7. Тұрғын үйлерде (этажды) шатырлар мен подвалдарға бармау туралы шектеулер қою, подъездер мен үйлерді аралау жұмыстарын жүргізу;
10. Суицидтің алдын алу мен жол бермес үшін басқа да ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу
11.Зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында кездесулер, дөңгелек үстелдер мен тәрбие сағаттарын өткізу сынып жетекшілерге тапсырылсын.



Мектеп директоры Н.Д.Шакенов
Хатшысы Калымбетова Сайлаугуль Кенесовна




Хаттама № 6

«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11 сынып оқушылары арасында аудан прокуратурасының аға прокуроры Т.Әбеков «Жасөспірімдер арасында жыныстық қол тиіспеушілік пен құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу » тақырыбында дәріс өтті.

Нарынқол ауылы 24 ақпан 2017 жыл сағат 10-00.

Қатысуға тиіс: 87
Қатысқаны: 76
Мұғалімдер:11

Сөйлеушілер:

1.1. Аудандық прокуратурасының аға прокуроры Талғат Әбеков.
Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады.Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.Мектепте құқық бұзушылық көбінесе отбасы тәрбиесінің дұрыс берілмеуінен болады.Сондықтан отбасында тәрбие дұрыс берілуі керек.Қылмыс жасаған баланы жазалағаннан гөрі оның алдын –алу қажет .Сол себепті қандай жағдай болмасын мектеп ,отбасы болып біріге отырып қылмыстың алдын алуға байланысты жанды жұмыстар жүргізу керек деп ойлаймын.
1.2.Құқық пәнінің мұғалімі Қ.Ноғайбаев Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды-көпті кешкен тіршілігінде пешенеге жазғанын көріп, сезінеді дегенімізбен, қазіргі жастарға індет болып таралған. «Суицид» деген пәле қайдан шықты? Оның сырын қайдан іздейміз? Неге біздің елімізде жастар өлімі көбейіп барады? Қалай ғана олар өз өмірлеріне жеңілдікпен қол салады ? Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын қалай алуға болады ? Өмірдің мәні неде ?
Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып, жесең, соның өзі бақыт. Біріқ ойлы-қилы өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдай ала ма ? шыдауы керек деп жұбату сөз айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен горі бақилық дүниені дұрыс көріп, «сол жаққа» мезгілсіз аттанып жатады. Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады .Сондықтан қоғам болып біріге отырып бала тәрбиесіне көңіл бөліп жұмыс жасайық.

1.3.Психолог Г.Әдепбаева - «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы - қасақана өз өмірін қию.Бұл ұғымға 19 ғасырда Француз социологы Э.Дюркгейм анықтама берген. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы.
Оның себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Осындай күйзелістердің көмегімен жастарды психологиялық індетке жетелейді. Казіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондыктан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді.
Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғады.
Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс.
Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Балалар мен олардың отбасына деген арнайы (психологиялық кеңес беру, көмек көрсету, тіпті кей жағдайларда тек қана көңіл бөлуді қамтитын) іс-шаралардың ұйымдыстырылып ,түрлі сауалнамалар алынып жатыр. Өмір адамға бір ақ рет беріледі.Сондықтан сол өмірді жақсы өткізіп өмір сүру өз қолымызда.Сондықтан осы жұмыстар бойынша көп жұмыс жасауымыз керек.
1.4.Қыздар ұйымының жетекшісі А.Рысбекова -
Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.
Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, түрлі кинофильмдер жан-жақты әсер етуде.
Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді.Сондықтан қызджарымыз әдепті болу үшін жұмыс жасауымыз қажет.Бүгінгі қойылып отырған дәріс те жақсы қойылды деп ойлаймын.

шешім:
1.Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол тиіспеушілік пен құқық бұзушылық,суицид тақырыбында оқылған дәріс 8-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында назарға алынсын.
2. Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол тиіспеушілік пен құқық бұзушылық,суицид тақырыбында жиі дәрістер оқу, сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырып отыру,сауалнамалар алу 8-11 сынып жетекшілерге міндеттелсін.
3.Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен мінез – құлық ережелерін түсіндіретін сынып сағаттары мен тақырыптық дәрістерді жүйелі түрде жүргізу , бос уақытын тиімді ұйымдастыру сынып жетекшілер мен құқықтық кеңес мүшелеріне тапсырылсын.
4.Қаулының орындалуын бақылау , басшылыққа алу мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі С.Қалымбетоваға міндеттелсін.


Мектеп директоры Н.Шакенов
Хатшысы Г.Әдепбаева

Похожие публикации:

10 май 2017 о
04 май 2017 Бұйрықтар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Райымбек ауданы, көшесі, үй

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru