Преподаватели шығармашылығы » Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен
Коммунальное государственное учреждение
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
май
2017

Преподаватели шығармашылығы

“Райымбек ауданының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Информатика сабағында оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолданудың тиімділігі


Информатика пәнінің мұғалімі: Қырғызжан Гүлбақыт Қырғызжанқызы


Информатика сабағында оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолданудың тиімділігі

Қазіргі біздің заманымыз – Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгеруде ұстаздар үшін өзекті мәселе бұл- жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді, шығармашыл, ізденімпаз, қоғамда өз орыны бар тұлға қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Кембридждік оқытудың әдіс-тәсілінің негізгі міндеті- мұғалімдерге педогогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. /Преподавателиге арналған нұсқаулық 12-бет/
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Оқушылардың ойын еркін тыңдай білетін;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Сондай-ақ қазіргі заман талабы ақпараттық –коммуникативтік технология. Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгерген ұстаздар үшін оқушыларға білім беру барысында осы ақпараттық –коммуникативтік технологияның пайдасы өте зор. Аталмыш әдіс – тәсілде оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалау тәсілі информатика пәнімен тікелей байланыста.
Информациятық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, информатика пәнінің рольі ерекше . Информациятық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Информациятық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Осы инновациялық технологияны пайдалану барысында информатика пәнінен оқушылар сыни тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушыларды жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл әдістердің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Осы технологияны пайдалу барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өзгеріп , өз бетінше ізденіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің артқаны байқалады.
Информациятық - коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, осы технологияларды пайдалану барысында қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға , дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін тұлға екендігін байқауға болады.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив